Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру бойынша тендерді қытайлық компаниялар жеңіп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тендер Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) талаптары бойынша екі кезеңнен өткізілді. Ал жобаны қаржыландыруға "Самұрық-Қазына" да қатысады.

Жобаны жүзеге асыру үшін түрлі елдер 6 компания өтініш беріпті. Нәтижесінде 3 Қытай компаниясының консорциумдары жеңімпаз болды: Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd.

әБіріншісі – ірі өндіріс жабдықтарын шығарады, екіншісінің ЕРС жағдайында жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалауға маманданған. ЕҚДБ жеңімпазды бекітті, конкурс банктың ережесіне сәйкес өтті деп саналады. Бүгін ЖЭО-2-де қытайлық EPC консорциумымен шартқа қол қою рәсімі өтеді”, – делінген хабарламада. 


Консорциум жобалау, жабдықтарды жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары, пайдалануға беру секілді міндеттерді өз мойнына алады.