Алматыдағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жалғасуда

Қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қаланың бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындардың легі толастар емес. Алматылықтар отбасымен, достарымен және әріптестерімен келіп, өз таңдауын жасауда.

Сайлаушылар арасында жастардың да белсенділігі байқалады.