Абай даңғылының бойында орналасқан "Гаухартас" тұрғын үй кешені ескі болмаса да, тозығы әбден жеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Орналасқан жері өте ыңғайлы, Абай даңғылының бойынан метро да жүреді, кез-келген бағытқа автобустар да қатынайды. Қала тұрғындары осыған қызығып, тұрғылары-ақ келеді. Жалға алу құны қымбат емес. Шамамен айына 300 мың теңге. Салыстырмалы түрде көрші орналасқан "Терракота" тұрғын үй кешенін алуға болады. Ол жерде 1 бөлмелі пәтерлердің құны 350 мың теңге.
«Гаухартас» тұрғын үй кешені Бостандық ауданында, Абай даңғылы мен Тұрғыт Өзала көшесінің қиылысында орналасқан. Құрылыс жұмыстарын MAG компаниясы жүргізген. 2009 жылы пайдалануға берілген. Кешеннің жалпы ауданы 120 000 шаршы метрді құрайды. Сейсмикалық төзімділік – 9 балл. «Гаухартас» тоғыз блоктан тұрады (16-дан 18 қабатқа дейін). Он бес жыл ішінде сырты әбден тозып, қасбеті көшіп кеткен. Одан бөлек, үйдің кіреберісінің де күйі оңып тұрған жоқ. Тұрғындар жөндеу жұмыстарын өткізу керек дейді.
Алматының желі мен соққан дауылына шыдас бермеген үйдің сыртқы қабырғалары жұлынып түскен. Сырттан қарағанда көзге бірден түсетін бұл тұрғын үй кешені күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Дауылға төзбеген үйдің қасбеті, жер сілкінісіне қаншалықты төзімді?