"Жерасты дүмпуі 18 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 03:53-де тіркелген. Оның ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 203 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық класы - 8.6. Магнитудасы - MPV 3,8. Тереңдігі - 5 шақырым. Қаланың өзінде жер асты дүмпулері сезілген жоқ", - делінген хабарламада.