Алматыдан 306 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 306 шақырым жерде, Қытай елі аумағында болды. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,9, магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 5 шақырым.


Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.