Алматыдан 315 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жер дүмпуі 26 қыркүйек күні Алматы уақытымен таңғы сағат 6:50 шамасында болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 315 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.6. MVP магнитудасы - 4.7. Бағыты - 42.19° с.е. 80.50° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген хабарламада.