Алматыдан 316 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 2023 жылғы 30 шілдеде Алматы уақытымен 02:58-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2;

  • MPV магнитудасы - 4.8;
  • Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеген.