Алматыдан 343 шақырымда 4,6 магнитудалық жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі бейсенбіде Алматы уақыты бойынша 11.43-те тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 343 шақырымда Қытай аумағында орналасқан", — делінген хабарламада.


Ошақтың тереңдігі бес шақырым, сезілуі туралы мәліметтер жоқ.