Алматыдан 358 километр қашықтықта жер сілкінді

17 қаңтар күні сағат 04 сағат 25 минут 07 секундта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kzҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 358 километр жерде Қытай аумағында болды.


"Энергетикалық қуаты 9,6. Магнитудасы MPV 4.4. Ошағының тереңдігі 10 км тереңдікте. Оның сезілгені туралы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.