«2016 жылғы 2 ақпанда Алматы уақытымен 13 сағат 00минут 56 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. MPV тербелісі 5,3. Тереңдігі 10 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.