Алматыдан 372 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді. 

Тербеліс эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 372 шақырым жерде Қытай территориясында болған.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,1 болса, магнитудасы MPV 4,4, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.