Алматыдан 528 шақырым жерде жер сілкінді

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 528 шақырым жерде Өзбекстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,3, магнитудасы MPV 4,1. Сейсмологтардың мәліметінше, оның жайғасу тереңдігі – 20 шақырым.