Алматыдан екі күн ішінде 11 мың текше метр қар шығарылды

Бұған дейін айтылғандай, жексенбі күнгі жаңбырдың соңы қарға ұласқан еді. Жерге түскен ақ ұлпаның қалыңдығы қала ішінде 35 сантиметрді құраса, таулы аймақта жарты метрден асқан. Тосыннан жауған қармен алысқан коммуналдық қызмет қала көшелеріне 36 тонна тұз бен 5 мың тонна арнайы құм шашып шықтық деп отыр. Мыңнан астам адам мен 500 техника жұмылдырылған. Ал ауа-райын болжаушылар алдағы күндері жауын-шашын болмайтынын хабарлады.  

Loading...