Алматыдан Мәскеуге тікелей қатынайтын пойыздар жүре бастайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей темір жолдары сегіз жылдан кейін Мәскеу мен Алматы арасындағы тікелей теміржол қатынасын қайта іске қосады.

Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің теміржол әкімшіліктері келісті, делінген компанияның мәлімдемесінде.

Алғашқы пойыз Алматыдан 26 қазан күні сағат 20:00-де жолға шығады.

Мәскеуден пойыз 30 қазан күні сағат 19:27-де жолға шығады.

Тікелей пойыздар күнара жүреді және жол жүру уақыты шамамен 3,5 күнді құрайды.

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы 2017 жылы тоқтатылған.