Оның 4-уі купе, біреуі отырып баруға арналған. Егер жолаушылар саны артып жатса, вагон саны артпақ. Пойыз «Алматы-1» вокзалынан Қапшағай бекетіне таңғы 6-дан кешкі 10 аралығында қатынайтын болады. Тәулігіне 4 мәрте. Бағасы егер купе болса – 700 теңге, отыратын орын – 500 теңге. Мұндай пойыз алдағы уақытта Талғар, Есік және Қаскелең бағаттарында да шығады деп жоспарланған.
Роман Ботабеков, «Тұран-Экспресс» компаниясының бас директоры:
- Қапшағайда қазір жол жөнделіп жатыр. Туристер көп қиыншылық көріп жатыр. Соған компаниямыз ақылдасып, осындай пойыз керек болғанын көріп, ашып отырмыз. Бүгіннен бастап, 4 рет барады. Ары-бері.
Loading...