Бұл туралы қаланың мобильдік басқармасының жетекшісі Сағындық Телібаев мәлім етті.
"Алматы облысының тұрғындарына айтарым: сіздердің қаладан шығуларыңызға 72 сағат беріледі. Алматылықтар толығымен оқшаулануы қажет. Сондай-ақ қаладан тыс аумақта жүрген тұрғындар өз үйлеріне осы уақыт аралығында оралуы керек. Содан кейін қала толығымен жабылады", - деді басқарма жетекшісі.
22 наурыз күні сағат 00:00-де әуе және теміржол қатынасы толығымен тоқтатылады.
"Халықаралық рейстерге шектеу қйоылмайды. Біз оларды қабылдаймыз, десек те бірқатар шектеулер қойылады", - деп қосты Сағындық Телібаев.
Еске салайық, бұған дейін карантин кезінде Алматыға сырттан ешкім кіргізілмейтіні жайлы айтылған еді.