«Серіктестіктің бұрынғы басшысы Көпжасар Дәкенов қала басшылығы тарапынан көп наразылықтар тууына байланысты жұмысынан босатылды. Сонымен қатар, қала басшылығының осындай шешім қабылдауына кәсіпорынның жұмысында орын алған қаржылық жетіспеушіліктер әрі муниципалды парктің жұмысына жолаушылардың көңілі толмай отырғандығы ықпал етті», - делінген хабарламада.
Кәсіпорынның жаңа басшысы болып Болат Абайділдинов тағайындалды.