"АлматыЭнергоСбыт" Алматының төрт ауданында жарық үзілу себептері туралы ақпарат таратты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 11 қарашасында сағат 18.00- де Алматының Жетісу, Алмалы, Түріксіб және Әуезов аудандарында электр қуаты жартылай үзілді. Жарық қамтамасыздығы сағат 23.10-да толық қалпына келтірілді.

"Жарықтың үзілуіне Орталық Азиядағы тұтынушылардың (Өзбекэнерго) қуатты артық тұтынуынан болып апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы себеп болды",- деп хабарлайды компания.