Алматыға Халықаралық студенттік спорт федерациясының бағалау комиссиясы (FISU) келді

Сонымен қатар, комиссия Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болып, қаланың көлік, қонақ-үй және тағы да басқа инфрақұрылымдарымен танысты.

Екінші күні Халықаралық студенттік спорт федерациясының бағалау комиссиясын еліміздің премьер-министр Кәрім Мәсімов қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы биылғы жылдың мамыр айында 28-ші Қысқы Дүниежүзілік универсиаданы өткізуге өтініш жасаған болатын. Ойындарды қабылдауға Италияның Трентино шаһары да ниет білдірген еді. Қай қалада өткізу туралы шешім, алдағы уақытта, нақтырақ айтқанда, ағымдағы жылдың 29 қараша күні Брюссель қаласындағы FISU-дың штаб-пәтерінде дауыс берудің нәтижесінде белгілі болады.