Алматыға Кореяның Ансан деп аталатын өнеркәсіпті қаласының өкілдері келді

Ансон өкілдері сауда-саттық саласында Алматымен арадағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін зерттемекші. Өкілдер құрамында Ансан қаласында жұмыс істейтін энергетикалық, транпорттық және коммуникациялық компаниялардың жетекшілері бар.

Алматы қалалық әкімшілігінің мәліметі бойынша, бүгінде қалада Қазақстан-Корея бірлескен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 100 млн. долларды құрады.
Ансан- Кореядағы ең ірі индустриялық орталықтардың бірі. Бұл қалада 3,5 мыңдай өнеркәсіп орындары шоғырланған. Қалада Оңтүстік Кореядағы ең ірі техносаябақ жұмыс істейді.