Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, локдаунның енгізілуі екіталай.
Дегенмен шектеу шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Қазіргі күні шектеу шаралары қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет комитет шешімін күтудеміз. Комитеттің қаулысынан кейін қалалық департаменттің қаулысы шығатын болады, - деді ол.
Оның айтуынша, қалада вирус жылдам тарап, жағдай күрделеніп келеді.
Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Тұрғындар да шектеу шараларына түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Вакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. Індеттең құтылудың , жағдайды ушықтырмаудың жалғыз жолы осы. Сондықтан алматылықтарды өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға шақырамын, - деді ол.
Бұған дейін ол жағдай ушықса көпсалалы ауруханалар инфекциялық мақсатта пайдаланылатынын айтты.