Алматыға төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келеді

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, министрдің Алматыға сапары 31-қаңтар мен 3-ақпан аралығында жоспарлануда. Сапар мақсаты министрліктің аймақтық органдарының жұмысымен танысу.

Сапар барысында В. Божко Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар ардагерлерімен, қала қызметтерінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында министрдің сейсмология институтына баруы жоспарланған.

Сондай-ақ, В. Божко тікұшақпен ұшып, Іле Алатау тауларындағы жағдаймен және гидротехникалық ғимараттардың ахуалымен танысады.