Алматыға жақын жерде қуаты 5,4 балл жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыда оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болған, деп хабарлайды ҚР БҒМ сейсмикалық станциялар желісі сайтында.

16 қараша 7.42-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.9, магнитудасы — MPV 5.4, тереңдігі — 5 километр.

Сезілуі туралы мәлімет  (МSК-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл.


Зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы ақпарат жоқ.