Оның айтуынша, бүгін, 6-қарашада 11 сағатта Алмалы қалалық сотта Сергей Дмитриенконың үстінен қозғалған іс бойынша бірінші тыңдалым өтеді. Бірақ үлес қосушылар істі жүргізу тағайындалған сот З.Кейкібасоваға тыңдауды тоқтатып, оны қайта тергеуге жіберуді өтінбек ниетте.
"Біз жасалынған тұжырыммен мүлдем келіспейміз, бұл істің тек Сергей Дмитриенконың үстінен ғана қозғалуына қарсымыз",- деп хабарлады Я. Искакова. "Біздің қаржы полициясы мен прокуратураға компанияның бірінші орынбасарына, сату бөлімінің бастығына, бухгалтерге қандай шаралар қолданылатындығы туралы мәселеге қатысты бірнеше рет жазған сұрауларымызға, оның қызметкерлерінің барлығы Сергей Дмитриенконың бұйрығын ғана орындаған деген жауап алдық".
"Үлес қосушылар мемлекеттік қаржы органдарына, соның ішінде Қаржы министрлігіне, "Алматыинвестстрой" компаниясының көптеген жылдан бері салықтан қалай жалтарып келгендігін түсіндіруді өтініп, жүгіндік. Қылмыстық істің қозғалғандығына қарамастан, соның ішінде "салық төлеуден жалтару" бабы бойынша қозғалғандығына қарамастан, бізге әлі күнге дейін осы сұраққа қатысты ешкім жауап берген жоқ"- деп атап өтті Я. Искакова.
Сонымен қатар Я. Искакова, үлес қосушылардың пайымдауынша, сот талқылауы өте асығыс болып отыр, себебі Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың "Алматыинвестстрой" компаниясына қатысты жағдайдың мән-жәйін анықтап, кінәлілерде жазалап, үлес қосушылардың зардап шекпеуі туралы тапсырма бергеніне небәрі екі-ақ апта өткен.
Үлес қосушылардың пайымдауынша, сот шешемі "қашан қабылданса да, қабылданған шешім қандай болса да, бұл үлес қосушылардың проблемаларын шешпейді".
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әртүрлі қалаларының 200-ге жуық тұрғыны 2004 жылы Мұқанов - Төле би көшелерінің маңынан жер телімін алған "Алматыинвестстрой" компаниясына үлес қосушылар болып табылады. Компания адамдардан ақшаны жинап алып, құрылысты осы күнге дейін бастамаған, ал үйді пайдалануға беру 2005 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті