Алматылық әйел арықтаймын деп ажал құшты

Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. Бұл туралы ақпарат журналист Гүлмира Абықайдың фейсбук парақшасында пайда болды.

Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Артында 2 баласы, жары қалды.

25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм “Ұлағатты ұстаз” деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған.

Пластикалық хирургтер липосакциядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр.