Алматы тұрғынына Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Ислам Угушевтың Қуандық Бишімбаевтың соты туралы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қудаланып, айыппұл салынғаны туралы үндеуі пайда болды. Ол өз жазбасында Бишімбаев сотта телефон қолданды деп топшылаған.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақша авторы анықталғанын, ол өз жазбасында сот процесінде сотталушы Бишімбаевтың ұялы телефон пайдаланғаны туралы хабарлағанын жеткізді.
"Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", – деді полиция өкілдері.
Айта кетейік, 3 сәуірде Бишімбаевтың ісі бойынша өткен сотта оның телефон қолданғаны талқыланған болатын.