Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылғы 24 сәуірден 15 мамырға дейін Алматының барлық аудандары аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізіледі.
"Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін магистральдық және тарату құбырларын тексеру тікелей жүргізілетін кезде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына өте мұқият болуға, қарапайым сақтық ережелерін сақтауға кеңес береміз! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, кенеттен оқыс жағдайлар болып қалуы мүмкін: судың сыртқа ағуы,жол жабындысының ішінара бұзылуы және т. б." - делінген хабарламада.
Мұндай оқыс жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамау, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлау сұралды.
Жылу желілерін сынау кестесі
24 сәуір
24 және 25 сәуір
24-26 сәуір
24-28 сәуір
25 сәуір
25 және 26 сәуір
26 сәуір
27 сәуірден 14 мамырға дейін
29 сәуір
29 және 30 сәуір
29 сәуірден 2 мамырға дейін
2 және 3 мамыр
3 мамыр
6 мамыр
7 мамыр
13 мамыр
13 және 14 мамыр
14 және 15 мамыр
"Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!" - делінген "Алматы жылу желілері" хабарламасында.