Алматылық әйел азық-түліктің 21 жыл бұрынғы бағалары жазылған дәптерін жариялады

Ал Алматы қаласының тұрғыны Евгения Шестакова 1995 жылы тауарлардың бағасын ерінбей дәптерге жазып жүріпті. Соны Фейсбуктегі парақшасына жариялады. "1995 жылы бағалардың қанша болғаны естеріңізде ме? Мен сол кезде жазып жүрген дәптерімді тауып алдым. Бірақ ұзақ уақыт жазбаппын. Мұның қалай сақталғанына таң қалдым" дейді Е.Шестакова. 

Дәптерде негізінен азық-түлік бағалары жазылған. Ол кезде нан 18 теңге, еттің бір келісі 100 теңге болыпты. Сәбіздің келісі - 15, зауыттың сары майы (450 гр) - 115 теңге. Ал киім кешекке келсек, шұлық 40 теңге теп тұр. Шаш қию 150 теңге болыпты.