Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Мадалиев салтанатты шара барысында медицина қызметкерлеріне төзімділік пен жанашырлық білдіріп, адам өміріне араша болып, талай ұйқысыз өткізген түндері үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, бірқатар медицина қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттады.
Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен: кардиолог дәрігер Ғалымжан Сұлтанов пен аға мейіргер Бақтыгүл Сарманшаева марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі рентгенхирург дәрігер Асылхан Пәрімбеков берілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен анестезист мейіргер Эльмира Құспанова, аға фельшер зертханашы Венера Сакиева, терапия бөлімшесінің палата мейіргері Айбостан Алмақанова және кардиохирургия бөлімшесінің мейіргері Марғұлан Садыхан марапатталды.
Кардиолог дәрігер Ирина Белоносова, палата мейіргерлері Айгүл Құбенова, Индира Ермағанбетова, сондай-ақ санитар Айман Боранчаева денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатын алды.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Мадалиев барлық әріптестерін мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысына тоқталды.
«Институттың кардиохирургтар командасы, оның ішінде Ғалымжан Берікұлы Сұлтанов жүрекке ең күрделі операциялар жасайды. Мысалы, 2020 жылдан бастап кардиохирургия бөлімшесінде жүрек қақпақшасының кемістігі немесе жүректің ишемиялық ауруы бар жүрек ырғағының бұзылысын емдеу үшін бір сәтте ашық жүрекке криоабляция жасалады. Осы технология бойынша орталық Қазақстанда бірегей болып есептеледі», - дейді ол.
Оның айтуынша, мейіргерлердің жұмысы әрқашан сұранысқа ие, ол кез келген медицина ұйымында өте қажет маман. Мейіргердің мамандығы адалдық пен шыдамдылықты талап етеді.
«Медицина қызметкерінің күнінде дәрігерлер мен мейіргерлердің көмекшісі санитарлардың еңбегі де аталып өтіледі. Кез келген медицина ұйымы санитардың еңбегінсіз дұрыс жұмыс жасай алмайды, өйткені санитардың еңбегі медицина персоналының дұрыс жұмыс істеуіне көмек беруге бағытталған»,- дейді Құрманғазы Мадалиев.