Алматылық фотограф құны жарты миллион тұратын 1001 раушан гүлін блогерге сыйлап, пранк жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерей кеше 1001 гүлмен түскен суретін жариялап: "Мен иә дедім", - деп оқырмандарын қызықтырған. Оқырмандары блогерді құттықтай жөнелген. Алайда бұл бар болғаны кезекті пранк болып шықты. 

Осыншама көп гүлді кім жіберуі мүмкін деген сауал Мерейдің өзін біраз толғандырған. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, тосынсыйдың иесі де анықталды. 


Әдетте өзгелерді ыңғайсыз жағдайға жиі қалдыратын пранкер Дәулет Бейсенбек бұл жолы бойжеткенді қуантқан.