Алматылық футболшылар авсалларлық құрдастарын 2:1 есебімен ұтты

2000 жылы туған балалар арасында ел намысын қорғап жатқан «Қайрат-2000» командасы кеше Түркияның Авсаллар қаласындағы құрдастарын 2:1 есебімен жеңді. Бұған дейін олар 26 наурызда жарыс қожайындарының «Аланиаспор» командасын 3:0 (техникалық жеңіліс), 27 наурызда Мәскеудің «Торопеда-ФШМ» командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Бүгін олар Ресейдің Орехова-Зуева қаласынан келген «Знамя Труда» командасымен күш сынасады. Алматылықтардың бұл жолғы қарсыласы алғашқы 3 турда Ресейдің Мәскеу қаласының «Торпедо-ФШМ» (1:4) мен «Чертанова» (0:4), Түркияның «Авсаллар» (0:2) командаларынан ойсырай ұтылған болатын. Жас ерекшелігі бойынша 4 топқа бөлініп өзара сайысқа түсіп жатқан жас футболшылардың бұл турнирі 31 наурызда аяқталады. Ол «Қайрат-2000» мен «Чертанова», Торпедо-ФШМ» мен «Авсаллар», «Знамя Труда» мен «Аланиаспор» арасындағы 5-тур ойындарымен аяқталады.