Алматылық футболшылар Нойленгбахта әйелдер арасындағы УЕФА чемпиондар лигасының 1/16 сатысындағы қарымта кездесуін өткізеді


әйелдер арасында УЕФА чемпиондар лигасының 1/16 сатысындағы қарымта кездесулерін өткізеді. Алаң иелері бұл жолы есе қайтаруға бар күшін жұмсамақ. Австрия чемпионаты мен Австрия кубогын 2 мәрте иеленген бұл команда алғашқы кездесуде 28 қыркүйекте Алматының орталық стадионында 2:1 есебімен жеңіліс тапқан еді. Енді Наталья Дорошеваның шәкірттері сырт алаңда да мерейі үстем шығатын болса, жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Онда олар Италияның "Таваньякко" және Швецияның "Мальме" командалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындарына өткен 16 команданың бұл сайысы 2-3 және 9-10 қарашада болады. Одан кейін ширек және жартылай финалдар 2012 жылдың көктемінде, ал ақтық сайыс 17 мамырда Мюнхенде өтеді. Алматылықтар былтыр бұл дүбірлы доданың 1/16 сатысынан өте алмаған еді. Онда олардың жолын Чемпиондар лигасының 2008/2009 жылғы маусымының жеңімпазы саналатын Германияның "Дуйсбург" аяқдопшылары кескен болатын.