Алматылық футболшылар Премьер-Лигадағы ел чемпионатында 11-інші орында келе жатыр


Онда 3:0 есебіндегі ең жоғарғы есеп Павлодарда «Ертіс» пен Талдықорғанның «Жетісу» аяқдопшылары арасындағы ойында тіркелді. Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қызылорданың «Қайсар», Қостанайдың «Тобылы» мен «Ақтөбе» 2:2, Оралдың «Ақжайығы» пен Шымкенттің «Ордабасы» 1:1 есебімен тарасты. Алматының «Қайраты» «Таразды» 2:1, «Атырау» Қаскелеңнің «Сұңқарын» 1:0 есебімен жеңді. Тек Қарағандының «Шахтері» ғана өз алаңында Астананың футболшыларынан 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Қазір турнир кестесінде 21 ойыннан кейін 41 ұпаймен «Шахтер» мен «Тобыл» көш бастап келе жатыр. Олардан 2 ұпайы кем павлодарлықтар үшінші орында тұр. Ал 1 ойыны кем астаналықтар 37 ұпаймен төртінші орында болса, тараздықтар 21 ойыннан соң 5 ұпаймен үздік бестікті түйіндеуде. Ақтөбеліктердің қоржынында 19 кездесуден кейін 32 ұпай болса, олардан бір ұпай артық шымкенттіктерде - 30, оралдықтарда - 28 ұпай бар. 21 турдан соң атыраулықтар - 25, қызылордалықтар - 24 ұпаймен 9-10 орында келеді. Ал 11-орында 20 кездесуден соң 22 ұпаймен алматылықтар он бірінші тұрса, одан бір ойыны артық қаскелеңдіктер 21 ұпаймен он екінші, талдықорғандықтар 18 ұпаймен он үшінші, көкшетаулықтар 8 ұпаймен он төртінші орынға табан тіреді.