Тек Шымкентте «Ордабасы» мен Астана» арасындағы кездесу ғана ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.
10-наурызда сырт алаңда Қостанайдың «Тобылына» 0:4 боп ұтылған Дмитрий Огай жаттықытыратын Алматының «Қайраты» бұл жолы өз жанкүйерлерінің алдында ерледі. Олар қонаққа келген Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 3:0 есебімен басым түсті. Бұған дейін Оралдың «Ақжайығына» өз алаңында 0:3 есебімен есе жіберген көкшетаулықтар турнир кестесінде көш соңында келе жатыр. Оралдықтар бұл жолы атыраулықтарды 3:1 есебімен ұтып көш бастады. Өз алаңында алдымен өткен жылы ел чемпионы болған Қарағандының «Шахтерін» 1:0, одан кейін қола жүлдегер саналатын «Тобылдан» 4:1 есебімен басым түскен Павлодардың «Ертісі» екінші орында келе жатыр. «Астананы» 2:0, «Сұңқарды» (Қаскелең) 1:0 етіп ұтқан «Тараз» командасы алғашқы үштікті түйіндеуде. Олардың қоржынында алты-алты ұпайдан бар. Үздіктерден 3 ұпайы кем «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл», «Ордабасы», «Шахтер», «Ақтөбе», «Сұңқар» мен «Қайрат» 4-10 орынды өзара бөлісуде. Ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ «Астана», «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» турнир кестесінде көш соңында келе жатыр.
Енді келесі тур 25-наурызда өтеді. Онда қостанайлықтар қарағандылық, көкшетаулықтар павлодарлық, атыраулықтар алматылық, астаналықтар оралдық, қаскелеңдіктер шымкенттік, қызылордалықтар тараздық, ақтөбеліктер тараздық құрдастарымен шеберлік байқасады.