"Алматыжер" мемлекеттік кәсіпорны мен Алматы қалалық әкімшілігі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне наразылық білдірген кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының арыз-шағымдары Елбасына хат жолдауға мәжбүр етіп отыр, деді ол.
В.Резванның айтуынша, бұзылуға тиіс үйлердің тұрғындары мемлекеттік кәсіпорынның жер учаскелерін өте төмен бағалау жағдайына шағымдануда. ""Алматыжер" мемлекеттік кәсіпорны, "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорны мен тәуелсіз бағалаушылар белгілеген бір соттық жер учаскесінің құны арасындағы айырмашылық 5 мыңнан 100 мың доллар аралығында ауытқиды",- деді В.Резван. Кәсіпкердің айтуынша, нарықтық бағадан мейлінше төмен бағалаған мемлекеттік кәсіпорын артынан сол жерді 10 есе қымбат бағаға саудалауда.
Сонымен бірге В.Резван ""Алматыжер" мемлекеттік кәсіпорны мен Алматы қалалық әкімшілігі қызметкерлерінің кәсіпкерлер мен тұрғындарды "Ағалы-інілі төрттік" деп аталатын қылмыстық топтың атынан" қорқыту оқиғалары туралы ақпараттар келіп жатқанын хабарлады.
Өз хатында кәсіпкерлер "Алматыжер" мемлекеттік кәсіпорнының жұмысына тексеру жүргізуді және Алматы қаласы әкімінің ""Алматыжер" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнының іс-қызметіне қатысты кейбір мәселелер туралы" , сондай-ақ, "Жемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін тәркілеп алу туралы ҚР Жер Кодексінің бабын жүзеге асыру шаралары туралы" және "Сотқа шағым беру құқығын ""Алматыжер" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнының қарамағына беру туралы" қаулыларын алып тастауды өтінбекші. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пікірінше, "бұл қаулылар сыбайлас жемқорлықтың өрши түсуіне түрткі болуда".
Кәсіпкерлер Елбасының атына жазған хаттың көшірмелерін үкіметке, Жоғарғы сотқа, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР ҰҚК-іне, ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне жолдамақшы.