"Қазіргі жағдаймен сыртқы экономикалық алыс-беріспен 7,5 мың компания шұғылданады. Олардың 2 мыңы шекара арқылы тұрақты тауар тасымалдайды. Біз ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған компаниялардың саны кем дегенде 20 процентті құрағанын қалаймыз",- деді Е.Қожағапанов. "Бұл - іске асатын мақсат және оны біз орындай аламыз",- деді ол.
Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті төрағасының орынбасары Евгений Тушиннің айтуынша, "ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған компаниялар өз жүктерін уақытша сақтау қоймасында қалдырмайды және жүктің кедендік декларациясын толтырған кезде тауарлары тексерілмейді. Мұндай компаниялар көптеген артықшылықтарға ие болмақ".
Ең төменгі тәуекел категориясына жатқызылған компаниялардың сыртқы экономикалық алыс-беріс бойынша біріншіден салық және басқа да төлемдерден бір жыл ішінде берешегі болмауға тиіс. Сонымен бірге олар сыртқы экономикалық алыс-беріспен кем дегенде екі жыл айналысқан және шекара арқылы алып өтетін тауарларының саны 20-дан жоғары болуға тиіс.
Қазіргі жағдаймен Алматыда 131, ел бойынша 500 компания ең төменгі тәуекел категориясына қамтылған.