Үш күнге созылған бұл байрақты бәсекеде алматылық ерлер мен әйелдер командалары өздерінің чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Ерлер арасында 1-3 орынды алматылық «Телеком-Ұшқын-Искра 1» (Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко), «Меридиан» (Сергей Ползиков пен Михаил Перевертов), «Телеком-Ұшқын-Искра 2» (Дмитрий Яковлев пен Денис Ровкин) командалары өзара бөлісті. Ал әйелдер арасында бірінші орынды алматылық «СКПВ 1-СШВСМ» (Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова), екінші орынды ақтаулық «Каспий 1» (Марина Пилипенко мен Бақтыгүл Самаликова), үшінші орынды алматылық «Алматиночка-СКПВ-2» (Людмила Исаева мен Инна Рахматулина) командалары иеленді.
Жалпы бұл командалар бұған дейін тамыздың 27-29 күндері Ақтауда өткен Қазақстан кубогы жарысында да сәтті өер көрсетті. Онда алматылық «Телеком-Ұшқын-Искра 1» командасы бірінші, ақтаулық «Каспий-1» екінші, ал алматылық «Телеком-Ұшкын-Искра 2» үшінші орын алды. Әйелдер арасында 1-2 орынды алматылық «Алматиночка-ВКПВ-1» мен «Алматиночка-ВКПВ-2» бөліссе, ақтаулық «Каспий-1» үшінші орынға табан тіреді.