Алматылық Лермонтов атындағы театрға енді электронды билетпен кіруге болады

оларды кассада алмастырудың керегі жоқ, тек бақылаушыға арнайы басып шығарылған немесе смартфондағы кодты көрсетсе болғаны.

Билеттер өнеркәсіптік сканермен жарақтандырылған, арнайы алып жүруге арналған құрылғының көмегімен тексеріледі, ол штрих-кодты лезде оқуға мүмкіндік береді. Бұл туралы сәрсенбіде билеттерді онлайн-сатып алуға арналған "Тикетон" жүйесінің хабарламасында атап өтілген.

Енді билет алуға аз ғана минут жұмсалады, үйден не офистен шықпастан ыңғайлы орындарды таңдауға мүмкіндік бар.


QR-коды бар алғашқы электронды билеттер биыл 18-маусым күні өткен "Убийство по ошибке" қойылымына сатылған болатын.