Алматылық қыз қаңғыбас иттерді аулап жүргендерден хайуандарды құтқаруға талпынды

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.   

Қыздың "Итті жіберіңдер. Оларды сыммен байлап ұстауға болмайды. Бұл заңға қайшы ғой. Қазір бастықтарыңа телефон соғамын. Омыртқасын сындыратын болдыңдар" деп, жан даусы шығып жатыр. Бір ит қапияда құтылып шығып еді, оған "қаш" деп айғайлады. Ит аулаушылар қайтадан қуғанымен, қыз оларға кедергі жасағандықтан, хайуан адамдарға жеткізбей кетті.

Бұл бейнежазбаны Фейсбукке Аксинья Маковецкая есімді қолданушы жариялаған. Видеоны да сол түсірген болуы мүмкін. Парақшасындағы суреттеріне қарағанда, Маковецкаяның жан-жануарларды қорғаушыларға қатысы бар сияқты.