14 жасар қыз екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кетті.
Басылымның мәліметінше, ол Алматыдан Қостанайға қонаққа барған. 11 шілде күні күндіз Әл-Фараби даңғылындағы үйінен шығып, қайтып оралмапты.
Жасөспірім капюшоны бар сұр түсті кеудеше, көк джинсы, күлгін түсті аяқ киім киген.
Бойы 160-170 сантиметр, арық бітімді, шашы иығына түскен, қоңыр көзді. Бұрын үйден қашып көрмеген. Қостанай қаласын онша білмейді.