Алматылық саяхатшы 15 жыл белгісіз тіршілік иесін зерттеп келеді


Саяхатшы ғалыммен кездесу барысында қар адамы жайлы тірнектеп жинаған құнды материалдарын тапсырды. Зерттеушілердің пікірінше, белгісіз тіршілік иесі әлемдегі адам аяғы тимеген жерлерде өмір сүреді. Сондай-ақ, ол таңғаларлық жайт емес. Тек тұрғындар сақ болуы керек.

- Қыркүйекте тау басына алғашқы қар түседі. Сол кезде топ болып шатыр құрдық. Онда бірнеше адам жатты. Ал мен гидрологтарға арналған үйшікте түнедім. Таңғы сағат 05.00 шамасында жүрген адамның қозғалысы мен дем алғаны дыбысын сездім. Аю шығар деп ойладым. Бірден палаткаларға қарадым. Ешкім оянбаған. Кейін алаңқайға қарасам, түсініксіз бейне алшаң басып барады. Жүгірген жоқ. Кейін көзден ғайып болды, - деді Орталық Азия нұсқаушылар қауымдастығының президенті Андрей Юшков.

Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын альпинистер оны Алматы облысының таулы аймағында байқаған болатын. Сондай-ақ, семейлік ғалымдар да жабайы адамның болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.