Алматылық Талғат Жұмағұлов әлемнің 13 елінің өкілі қатысатын Мәскеу көрмесінде өз шығармашылығын таныстырады

ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен Ресей көркемсурет академиясы ұйымдастырған симпозиум Әзірбайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина көркемсурет академияларының студенттерінің басын қосты. Биыл Достастық елдерінің студенттеріне олардың Бельгияның Ұлттық өнер академиясы мен Францияның Ұлттық өнер мектебіндегі әріптестері де қосылды.

Қазақстанның атынан Алматыдағы Қазақтың Ұлттық өнер академиясының өкілі Талғат Жұмағұлов қатысты.

ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорынан хабарлағандай, бір ай бойы 16 суретші Ресейдің халық суретшісі, С.Г.Строганов атындағы Мәскеу мемлекеттік көркем-өнеркәсіптік университетінің монументальды және декоративті мүсін кафедрасының меңгерушісі Александр Бургановтың шеберханасында тағлымдамадан өтті.