Бұл бәсекеде 72 тастаяқшының арасынан алматылық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шымбаев жеңімпаз атанды. Ол ақтық сында қызылтулық Айдос Туғанбаевты 7:6 есебімен жеңді. Ал алматылық Арби Муциев пен тараздық Ғани Шардарбеков қола жүлдегер атанды.