Онда алматылықтар қарағандылықтарды 3:1, ал жарыс қожайындары («Ертіс-Қазхром») теміртаулықтарды («Металлург АМТ») және астаналықтар өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрлыс») 3:0 есебімен ойсырата ұтып, алғашқы 3 ұпайларын қоржындарына салды. Бүгін енді теміртаулықтар қарағандылықтармен, өскемендіктер павлодарлықтармен және алғашқы күні жұпсыз қалған «Жетісу» (Алматы облысы) «Астанамен» күш сынасады. Алматылықтар келесі ойынын ертең «Металург АМТ» командасымен өткізеді. 21-ақпанға дейін созылатын бұл бәсекеде олардың ең соңғы қарсыласы жарыс қожайындарының «Ертіс-Қазхромы» болмақ. Бұл сында алғашқы 3 турда 20 ұпаймен бесінші орында тұрғанн алматылықтар 25 ұпаймен 4-орында келе жатқан қарағандылықтармен арадағы ұпай айырмашылығын қысқарта алды. Қазір «Жетісуда» - 54, «Астанада» - 42, «Ертіс-Қазромда» - 35, «Қарағандыда» - 25, «Алматыда» 23 ұпай бар. Ал көш соңындағы «Металлург АМТ» (13) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (6) әзірге ұпай қорына өзгеріс енгізе алмады.