Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатының 1/8 финалына шығуға мүмкіндік алды


ал кеше үндістандықтарды 3:1 (25-20, 23-25, 25-21, 25-19) есебімен ұтты. Ертең енді топтық сындағы ақтық ойынын кувейттіктермен өткізеді. Олар индонезиялықтарға 1:3 (25-23, 18-25, 17-25, 13-25) есебімен ұтылған болатын. Енді алматылық спортшылар бұл ойынның қорытындысына қарамастан 1/8 финалда өнер көрсететін болады. Ал бұл сыннан сүрінбей өтсе, ширек, жартылай және ақтық сайыста бақ сынайды. Жеңімпаз команданың аты 8 шілде күні белгілі болады.