Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада ел чемпионатының 4-турын да сәтті бастады


Онда алғашқы кездесуде «Алматы» командасы жарыс қожайындарын («Конденсат») 3:1 есебімен ұтты. Мұндай нәтиже Хромтаудың «ТНК «Қазхромы» мен Қызылжардың «Есілі» арасындағы ойында та тіркелді. Ал «Атырау» мен өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командалары арасындағы ойын 2:3 боп аяқталды. Онда алғашқы екеуі 3 ұпай олжаласа, атыраулықтармен ұпай бөліскен өскемедіктер 2 ұпай иеленді. Бұған дейінгі 3 турда алматылықтар - 40, хромтаулықтар - 33, өскемендіктер - 25, атыраулықтар - 17, оралдықтар мен қызылжарлықтар 10 ұпайдан жинаған еді. Бүгін енді «Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «ТНК «Қазхром», «Конденсат» пен «Атырау» өзара шеберлік байқасуда. Жалпы 4-тур ойындары 12-ақпанда аяқталады.