12-17 қаңтар күндері өткен бұл сында олар қоржындарындағы ұпай қорын 40-қа дейін жеткізді. Олардың өзге қарсыластарынан хромтаулықтар («ТНК»Қазхром») - 7, өскемендіктер («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») - 15, атыраулықтар - 23, оралдықтар (Конденсат») мен қызылжарлықтар («Есіл») - 30 ұпайға артта қалып қойды. Бұған дейінгі 2 тур Алматы мен Қызылжарда қалаларында өткен еді. Онда «Алматы» - 28 (1-турда 13), «ТНК»Қазхром» - 21 (12), Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 16 (7), «Атырау» - 12 (6), «Есіл» - 10 (4), «Конденсат» - 3 (3) ұпай ғана жинаған болатын. Енді 4-тур 6-13 ақпанда Оралда, 5-тур 5-12 наурызда - Атырауда, ал 6-тур 5-13 сәуірде Хромтауда болады.