Алматылық волейболшы жігітттер Ұлттық лигадағы қарсыластарынан қара үзіп кетті


«Темір дос» спорт кешенінде өткен бұл жарыста «Алматы» волейбол клубы барлық қарсыластарын қапы қалдырып, 15 ұпаймен турнир кестесінде қара үзіп кетті. Олардан 6 ұпай артта қалып қойған «ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) волейболшылары 2-3 орынды бөлісті. Одан кейінгі сатыға 6 ұпайы бар атыраулықтар («Атырау») мен қызылжарлықтар («Есіл») жайғасты. Ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ оралдықтар («Конденсат») турнир кестесін түйіндеді. Ел чемпионатының 2-туры енді 6-12 желтоқсанда Қызылжарда жалғасады.