Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатын сәтті бастады

Олардың бүгінгі қарсыласы болатын Жапонияның «Тойота Gosei Trefuerza» командасы Мальдивы чемпионын ( «STO RC») 75:37 есебімен жеңген болатын. Ертең топтық сындағы ақтық ойынын енді «STO RC» волейболшыларымен өткізеді. Егер қос қарсыласынан басым түсетін болса, 24-і күні «В» тобындағы Катардың «Аl Rayyan», Өзбекстанның «Өзбектелеком», Ирактың «Ал-Нафт Janoob» волейболшылары арасында 2-ші орын алған, ал 2-ші орын алса бұл топтың жеңімпазымен кездеседі. Ал келесі күні екі топтың жеңімпаздары мен екініші орын алған командалары өзара күш сынасатын болады. Одан кейін 27-29 күндері ширек, жартылай және ақтық сындар болады.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарынан бұған дейінгі Азия чемпионатында «Рахат-ЦСКА» 2005 жылы алтын, «Рахат» 2006 жылы, «Алматы» 2008, 2011 жылдары күміс, «Атырау» 2002, 2004 жылдары қола жүлдегер атанған болатын. Ал бұл жарыста Қазақстан, Қытай, Катар бір-бірден, Оңтүстік Корея 2 рет, Иран 8 рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.