Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы ең жоғары ұпай қорын жинап, 72 ұпаймен турнир кестесінде өзгелерден айтарлықтай ұзап кетті. Одан кейінгі орында 51 ұпаймен «Астана» және 44 ұпаймен «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) командалары келе жатыр. Ал «Қарағандыда» - 33, «Алматыда» - 30, «Металург АМТ-да» (Теміртау) - 16, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» (Өскемен) - 6 ұпай бар.
Алматылықтар бұл турда қарағандылықтармен арадағы айырмашылығын 5-тен 3-ке дейін қысқартса, өскемендіктер өз қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмады. Алматылықтар 4-турдың алғашқы кездесуінде қарағандылықтарды 3:1 есебімен ұтып, турнир кестесіндегі алғашқы үштіктегі қарсыластарына ғана есе жіберді. Қарағандылықтар болса астаналықтарды 3:2, ал павлодарлықтарды 3:1 есебімен ұтты. Енді наурыз айында 5-тур ойындары Қарағанды қаласында өтетінін ескерсек, алматылықтарға оларды қуып жету оңай болмасы анық.